Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметінен алынды
435
оқылды
Семей қаласының әкімі ауысты. Қала әкімі болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Нұрбол Нұрсағатов Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. ШҚО әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасын, Алматы қаласында Құрылыс басқармасын, Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған. Бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары болды. Ескерту: Биыл 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының атауы Астана болып қайта өзгерді.