Полицейлер Ақтауда жігітті аяусыз тепкілеп, сойылмен ұрған күдіктіні іздеп жатыр

Полицейлер Ақтауда жігітті аяусыз тепкілеп, сойылмен ұрған күдіктіні іздеп жатыр

Әлеуметтік желіде жас жігітті тепкілеп, басына секіріп жатқан видео тарады. Оқиға 15 қыркүйекте Ақтауда болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ақтау қалалық ПД-нің мәліметінше, төбелеске ерегіс себеп болған.

«Жастар өзара ерегісіп, кикілжің соңы төбелеске ұласты. Оқиғаға қатысушылардың бәрі ұсталды. Бұл факт ЕРДР-де  Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді», делінген ресми мәліметте.
Видеодағы жәбірленуші мен үш күдікті анықталды. Екеуі қамауға алынды, тағы біреуі іздестіріліп жатыр.