Абақтыда жазасын өтеп жатқан ер адам Геннадий Головкиннің суретін салып, сыйға тартты

Абақтыда жазасын өтеп жатқан ер адам Геннадий Головкиннің суретін салып, сыйға тартты

Абақтыда жазасын өтеп жатқан суретші Геннадий Головкиннің портретін салды. Ол Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №29 мекемесінде қамауда отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, сотталғандар боксшы Геннадий Головкинге Саул Альвареспен жекпе-жекте қолдау көрсеткен.    

«Біз сіздің барлық жекпе-жегіңізге қасыңызда тұрғандай қатысамыз. Сіздің жеңісіңізге ешқашан күмәнданбаймыз. Сіз – біз үшін нағыз батырсыз. Жеңіс біреуден жақсы болуда емес, ол сенің жүрегіңде, халыққа және өз Отаныңа деген сүйіспеншілікте сезіледі. Геннадий, біз сізді мақтан тұтамыз! Мамандығым – суретші. Өзімнің соңғы жұмысымды сіздің жекпе-жегіңізге арнадым, онда сіздің бейнеңізді – қазақтың кәсіпқой боксшысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионы ретінде бейнеледім, – дейді суретші.
Мекеме қызметкерлері боксшының портретін Геннадий Головкин атындағы Қарағандыдағы денешынықтыру-сауықтыру кешеніне тапсырды. «Суретші Геннадийдің жүзі жылы, рухы мықты екенін айна-қатесіз бейнелеген», – дейді Головкиннің GGG атындағы ФОК бас инженері Юрий Сергеев. Бұған дейін Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жегі туралы жазған болатынбыз.