Тоқаев халықпен бірге үнемі қиындықпен күресіп келеді – сарапшы

Тоқаев халықпен бірге үнемі қиындықпен күресіп келеді – сарапшы

Саясаттанушы Елдос Жұмағұлов Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтық коалиция атынан сайлауға түсуіне қатысты пікір білдірді. 
Сарапшының айтуынша, Президент сайлауы өтуге 44 күн қалды. Кеше Астанада парламенттік үш партияның және белгілі қоғамдық ұйымдардың форумы өтті. Біраз үміткердің есімі белгілі болатын шығар деп күткенмін. Бірақ осы партиялар мен ұйымдардың барлығы үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Тоқаев халықтық коалиция аясында ұсынылатын болды. Саяси менеджмент тәжірибесінде ортақ үміткерді ұсыну жиі қолданылады. Шетелдік тәжірибеде сайлау коалициясы (electoral coalition) президенттік сайлауда сайлау науқанын жүргізудің сенімді стратегиясы болып табылады, ол мәлімделген уәделерді іске асыру және болашақта тиімді басқару үшін бірыңғай кандидатқа жеңіс пен кең қолдауды қамтамасыз етеді.
АҚШ-тың 44-президенті Барак Обама 2008 жылы Демократиялық партияның көптеген мүшелік ұйымдарының қолдауына ие болды, мысалы  либералды құқық қорғау топтары, экологиялық белсенділер және кәсіподақтар. Бұл коалиция Б.Обамаға денсаулық сақтау саласындағы реформаны және квота саудасының ережелерін жүзеге асыруда саяси қолдау көрсетті. Сонымен бірге Дональд Трамптың АҚШ-тағы 2016 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісі, негізгі партиялық республикашылардың кең қолдауының болмауына қарамастан, негізінен әртүрлі саяси субъектілердің – «жеке сайлаушылар» коалициясының адалдығының арқасында болды. Бірақ институционалды  қолдаудың болмауы оның президент ретіндегі ұстанымының әлсіреуіне және барлық республикашылар үшін біріктіруші күн тәртібін құра алмауына алып келді
Франциядағы «Бірге» президенттік коалициясы («Қайта өрлеу» партиясы, «Демократиялық қозғалыс» партиясы, «Әрекет ету» және «Горизонт» партиялары) кандидат Макронның жеңісін және оның саясатын қолдауды қамтамасыз етті.
Еліміздің электоралдық кампаниялар тәжірибесінде коалицияға бірігу бұрын да болған:
2004 жылы Парламент сайлауында екі сайлау блогы қатысқанын білеміз: АИСТ (Азаматтық және Аграрлық партия одағы) және Коммунистер мен ҚДТ оппозициялық одағы. Сол кезде АИСТ Мәжілісте 11-орынға ие болған болатын.
2005 жылы «Отан» партиясының VIII съезінде партия жетекшісі Н.Назарбаевты президенттікке кандидат етіп ұсыну және «Н.Назарбаевты қолдайтын Қазақстан халық коалициясы» сайлауалды блогын құру туралы шешім қабылданды. Қоғамның барлық конструктивті күштері халықтық коалицияға біріктірілді, бұл Назарбаевқа басталған реформаларын саяси қолдауды қамтамасыз етті. Билеуші партия осындай қоғамдық диалог пен консенсустың ең тиімді саяси құралдарын құрудың бастамашысы болды.
Еліміз тарихындағы саяси коммуникацияның сәтті мысалдарының бірі – 2011 жылдан 2019 жылдар аралығында жұмыс істеген «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы. Ол жетекші қоғамдық және саяси күштерді (Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, Республикалық әйелдер кеңесі, Ұлттық тұтынушылар лигасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) біріктіріп, сол кезеңдегі елдің негізгі даму стратегиясына кең қолдау көрсетті.
Сонымен қатар 2015 жылы Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бірлік пен шоғырландыру үшін саяси партиялар мен қоғамдық күштерді жұмылдыра отырып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді қолдады.
Бұл коалиция сонымен қатар мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, "Сайлау туралы" заң қабылдау бойынша конституциялық реформаны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды.
Оппозициялық бағыттағы күштер толыққанды коалиция құруға қол жеткізе алмай келеді. Дегенмен  Азаматтық бастамалар коалициясы 2019 жылы құрылды, оған «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» және басқа да ұйымдар кірген болатын. Топтасу кезектен тыс президенттік сайлауда бақылауды ұйымдастыру, Конституцияны өзгерту ниетімен жүзеге асты. ҚР Президенті сайлауының қорытындыларына наразылық білдірушілердің ұсталуына қарсы шықты. Бірақ бұл коалиция қызметі 2019 жылғы сайлаудан кейінгі күн тәртібімен шектелді.
Демократиялық күштер коалициясы оппозициядан бірыңғай кандидат ұсыну мүмкіндігі туралы мәлімдеді, бірақ саяси консенсусқа келе алмады. Өкінішке орай, осының салдарынан президент сайлауында ортақ кандидат төңірегінде топтаса алмай жүр.
"Сонымен, халықтық коалиция не үшін керек?  Жалпы, салмақтап, саралап қарасақ, осы жыл еліміз үшін өте күрделі кезең болып отыр.
Біріншіден, төңірегіміздегі геосаяси жағдай шарықтау шегіне жеткендей, халықаралық жүйенің әуел бастағы қағидаттарының мызғымастығы шайылып, еліміз үшін тұтастық пен тұрақтылықтың шатқаяқтамауы аса маңызды болып отыр. Энергия көздеріне бағаның тұрақты болмауы, санкциялардың жанама әсері, азық-түлік бағасының шарықтауы және бар.
Екіншіден, саяси қауқарынан айырылып, экономикалық әлеуеті шектеліп жатқан күштердің ел тұтастығына сына қағу мүмкіндігі. Қоғамдық деңгейдегі бірлік Ескі Қазақстанның көксейтіндерді және ескі элитаның реванштық пиғылдарына тосқауыл қояды.
Осындай сыртқы және ішкі қатерлерді еңсере алатын тұлғаның төңірегінде топтасу халықтық коалиция құрудың логикасын түсіндіреді",– деп жазды ол.
Саясаттанушы кеше өткен форумда Президент ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атап көрсеткеніне база назар аударды.
1. Тәуелсіздік бәрінен қымбат.
2. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы.
3. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық.
4. Рухани үндестік – бірліктің бастауы.
5.Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі.
6. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы.
7. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер.
"Мемлекет басшының пікірінше, осы қағидаттарды сақтау және орындау «Әділетті Қазақстанды» құрудың негізі.
Бұл қағидаттар коалицияға біріккен саяси ұйымдар бағдарламаларына сәйкес келеді. Мысалы, жақында ғана қабылданған «AMANAT» партиясының жаңа саяси платформасының негізгі принциптері – адам, қоғам және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі.
Жалпы, 2019 жылдан бері Президент ретінде сайланғалы бері Қ.Тоқаев халықпен бірге үнемі қиындықпен күресіп келеді. Пандемия және оның салдарын әлі көріп келеміз.  Қаңтар  трагедиясы және әлемдік геосаяси тіке-тірестер. Осы жағдайда ол «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сүйеніп, халықтық саясат ұстанып отырғанын көрсетіп келеді.
Жалпы алғанда, осындай сыртқы және ішкі қатерлермен күресе отырып, ол билік пен қоғамның арасын жақындатуға бағытталған конституциялық реформалар, бір адам билігін шектеуге және плюрализмге бағытталған саяси реформалардың 4 пакетін, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған «Қазақстан халқына», «Ұлттық қор – балаларға» жобаларын және жаңа облыстар құру бойынша әкімшілік реформалардың бастамашысы болып келеді. Осы және басқа да реформалар өткен тәжірибеге және қоғамдық құндылықтарға негізделмесе, алға жылжуға мүмкіндік бермесі түсінікті.
Қазіргі азаматтық қоғамның міндетті – Президентті жаппай қолпаштап мақтау ғана емес, конструктивті идея ұсынып, елімізді алға дамытуға үлес қосу. Халықтық коалиция парызы осы деп ойлаймын", – дейді Елдос Жұмағұлов.