Президент сайлауы: Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары тапсырылды

Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде құжаттары ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Сонымен, Президент төмендегі құжаттарды тапсырған.

«2022 жылғы 7 қазанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына сәйкес, сондай-ақ «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №67/545 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы», «Ардагерлер ұйымы»,  QAZAQSTAN TEAM , «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің жоғары органдары отырыстарының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірмелері;

2. Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері».

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.