Путин мобилизация жариялаған соң Қазақстанға ағылған ресейліктер шекарадан өту үшін бірнеше күн тұруға мәжбүр. Ал ұзын-сонар кезек пен күннің суықтығын жергілікті таксишілер жақсы пайдалануда, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сондай-ақ жергілікті тұрғындар тек рубльмен саудаласуда. Мәселен, жай ғана көліктің ішінде жылынып алу 9 мың рубль тұрады. Бұл теңгеге шаққанда 70 мыңды құрайды.Телефонды қуаттап алу 1,5 мың рубль (11 мың теңге). Кезекті жылжытып, бақылау-өткізу бекетіне жақындату үшін тұрғындар 1 жарым миллион теңгеге дейін сұрайды (100-200 мың рубль).
“Алғашқы күндері 500 бен 800 метр аралығындағы орындарды 30-40-50 мың рубльге сатқан. Кезегің бақылау бекетінен неғұрлым алшақ болса, соғұрлым көп ақша сұрайды”, – дейді ресейліктердің бірі.