Шымкентте кафелердің бірінде атыс болып, ер адам жараланды

Шымкентте кафелердің бірінде атыс болып, ер адам жараланды

Шымкентте кафеге келген ер адам оқ жарақатын алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.  Ведомствоның мәліметінше, 7 қазан күні сағат 04:30 шамасында әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша СДТБТ-да тіркелген. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталған.

"Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды", – дейді ведомство өкілдері.