Айдос АҚШ-та жұдырықтасады
Айдос АҚШ-та жұдырықтасады
397
оқылды
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) 5 қарашада АҚШ-тың Миннеаполис қаласында WBA-дің орта салмақтағы тұрақты чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Айдос Ербосынұлының қар­сы­ласы – кубалық Давид Мор­рель (7-0, 6КО). Қазақстандық боксшы 2017 жылы қатарынан екі айқас өткізгеннен кейін алғаш рет АҚШ-та жекпе-жекке шығады. Айта кету керек, ол айқастан кейін 9 күннен соң 31 жасқа толады. Айдос былтыр 12 қыркүйекте Астанада Леннокс Алленді оныншы раундта но­каутпен жеңгеннен кейін Мор­рельдің екінші дәрежелі титу­лына міндетті үміткер пози­циясына енген болатын. Боксшы кәсіби мансабында АҚШ-та тек екі жекпе-жек өткізді. Ол Қазақстаннан басқа, Украинада, Аустралияда, Ресейде және Бе­ларусьте шаршы алаңға шыққан.