Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейінгі жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейінгі жекпе-жегінде жеңіске жетті
399
оқылды
Қанат Ислам (29-1, 22 КО) ұзақ уақыт бойғы үзілістен кейін рингке шығып, кезекті жеңісіне қол жеткізді. 38 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы оның құрдасы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, сегіз раундтан тұрды. Ислам төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол үшін бұл кәсіпқойлар арасында 29-жеңіс, ал Масьель мансабында 18-ші рет жеңілді. Еске салайық, бұл жеңіс Ислам үшін биылғы ақпанда өзінің мансабындағы дебюттік жеңілісінен кейінгі бірінші жеңіс болды.