Жұрт спортшылардың не бықсытып жүргендерін білмейді - журналист
Жұрт спортшылардың не бықсытып жүргендерін білмейді - журналист
Белгілі ауыр атлет, допинг дауына іліккен даңқты спортшы Илья Илин қазақ тілін менсінбейді. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов жазды. Ол отандық спорттың ығай-сығайлары елордада бас қосып, бірлескен брифинг өткізгенін атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауына түсуін қолдау мақсатында.
“Менің к...тімді ашытқаны – былай қарасаң жиналғандардың 98 проценті қазақ. Бірақ, жиын 98 процент орысша өтті. Ең соңында Данияр Елеусінов қана қазақша қысқаша алғысын айтты. Ал, негізгі баяндама басқа тілде. Әсіресе, үлгі тұтып жүрген ағаларымыз қиналып тұрып орысша сайрағанда, кірерге тесік таппай қалдым. Жарайды, жиын осылай өтті, бітті, кетті. Артынан «неге қазақша ақпарат бермейсіздер?» деп ұйымдастырушылардың мазасын алып жүрсем, бұрышта отырған Илья Ильин «сенің жасап жүргенің низкий поступок» дейді. Малсың, мамбетсің дегені ғой. Өзім солай қабылдадым. Ауылдан шығып алып, неге қыртасың деген сияқты. Ана жерде қан басқа шапты. Мен өз елімде өз тілімде ақпарат ала алмай аузым ұрылып тұрғанда, мақтаулы ауыр атлетіміз осылай сөзбен періп қалды. Не деген сорлымыз? Расымен де мал, яки, мамбет болып тұрмыз ғой”, – деп ашынады Аслан.
Автор, жалпы отандық спортта бұндай жағдай жиі кездесетінін атап өтеді.
“Шыдам шегіне жеткен соң шырылдап жатырмын. Принципті түрде қазақша сөйлемей, «ал, не істей аласың?» деген кездер болды. Анау-мынау спортшылар емес. Ел бюджетінен жыл сайын жүздеген миллион теңге бөлінетін, солар уайымдамасын, солар қиналмасын деп, барлық жағдайы жасалатын спортшылар. Оларды бүкіл халық қолдап-қолпаштайды. Жетістіктеріне қуанады. Бірақ, мына жақта не бықсытып жүргендерін білмейді ғой. Білсе, «айырып» жіберетін еді”, – дейді журналист.
Ол спортшылардың тілге түкіргені бір мысал ғана екенін жеткізген. Одан бөлек Әнұранды жатқа білмейтіндері де бар. Жарыстарға көк байрағымызды апармайды. Кейін соларды талап етсең, низкий поступок жасаған болып шығасың...