Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын Сайлау туралы заң талаптарына сай деп шешті. Бұл туралы комиссия отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ҚР президенттігіне бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйым ұсынған болатын.
«ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», – деді Мұхтар Ерман.