Павлодар облысындағы жол апатынан екі бала мен ересек адам қаза тапты
Павлодар облысындағы жол апатынан екі бала мен ересек адам қаза тапты
510
оқылды
Павлодар облысында Ақсу ауданының Сырлықала ауылы маңындағы тасжолда кеше түнде адам өліміне әкелген жол апаты болды. Қайғылы жағдайдан үш жолаушы, оның ішінде екі бала көз жұмды.
Павлодар облысы полицейлерінің мәліметінше, "Нива" жүргізушісі қатты жылдамдықпен жол жиегінде тұрған КамАЗ тіркемесіне соғылған.
"Оқиға салдарынан «Нива» көлігінің 1982, 2010 және 2016 жылы туған жолаушылары алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. «Нива» көлігінің жүргізушісі мен КамАЗ-5320 көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", – дейді Павлодар облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.