Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Словенияны жеңді
Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Словенияны жеңді
232
оқылды
Қазақстандық футзалшылар бесінші топта Словения және Черногория құрамаларымен сынға түседі. Ойынның 7-минутында қазақстандық Альберт Ақбалықов есеп ашса, Дуглас Жуниор 36-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Енді қазақстандық футзалшылар 12 қазанда сырт алаңда Черногориямен шеберлік байқасады. Әрбірі өз және сырт алаңда бір-бір ойыннан өткізеді. Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама жарыстың элиталық сатысына жолдама алады. Өз тобында екінші орын алған қалған құрамалар арасында өтпелі ойындар болады.