Қазақстандық футзалшылар бесінші топта Словения және Черногория құрамаларымен сынға түседі. Ойынның 7-минутында қазақстандық Альберт Ақбалықов есеп ашса, Дуглас Жуниор 36-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Енді қазақстандық футзалшылар 12 қазанда сырт алаңда Черногориямен шеберлік байқасады. Әрбірі өз және сырт алаңда бір-бір ойыннан өткізеді. Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама жарыстың элиталық сатысына жолдама алады. Өз тобында екінші орын алған қалған құрамалар арасында өтпелі ойындар болады.