ҚТЖ "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызындағы өртке байланысты тергеу жүргізеді
ҚТЖ "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызындағы өртке байланысты тергеу жүргізеді
362
оқылды
Жамбыл облысында жолаушылар пойызының өртенуіне байланысты тергеу жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссия құрды.
8 қазанда сағат 2:35-те №22 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы вагонында туындаған өртке байланысты Түлкібас-Тараз учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Жолаушылар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагонның бес купесінде шарпыған от өрт сөндіру қызметтері мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттерімен сөндірілді.
Вагоннан жолаушылар пойыз құрамында бос орындарға отырғызылды. Пойыз сағат 6-дан 6 минут өткенде жолға шықты, делінген ресми хабарламада.
Тексеріс жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да комиссия құрылды.