Үш ай бұрын жоғалған азаматты өлтіріп, көміп тастағаны анықталды
Үш ай бұрын жоғалған азаматты өлтіріп, көміп тастағаны анықталды
347
оқылды
Қарағандыда 33 жастағы қала тұрғыны 15 шілдеден бастап із-түзсіз жоғалуына байланысты оған іздеу жарияланған. Оның нақты мекенжайын анықтау шаралары екі айдан аса уақыт жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен бірге жоғалған азаматты іздеуге оның жақындары, еріктілер жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері азаматты анықтау жұмысына барлық күш құралдарды жұмылдырып, оның жақындары мен таныстары бойынша да ақпараттар жинады.
"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол жәбірленушімен сөзге келіспеушілік барысында оған дене жарақаттарын келтіріп, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті жер үйлердің бірінің қорасында көміп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.