Қуат Хамитов Мәскеуде чемпиондық титулын қорғайды
Қуат Хамитов Мәскеуде чемпиондық титулын қорғайды
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі айқасы туралы мәлім етті. «Ресми түрде! 28 қазанда TOP Fight чемпионы атағы үшін титулдық жекпе-жек өтеді», - деп жазды қазақстандық спортшы өзінің Instagram-парақшасында. «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитовтің Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы армян файтері Давид Хачатрян болмақ. Еске салайық, Қуат Хамитов мұның алдындағы жекпе-жегін 10 қыркүйек күні Атыраудағы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде өткізген еді. Ол ресейлік Василий Бабинцевті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.