Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның қарсыластары белгілі болды
Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның қарсыластары белгілі болды
438
оқылды
Франкфуртте УЕФА Еуро-2024 іріктеу кезеңінің топтық кезеңінің жеребесі тартылды. УЕФА сайтының хабарлауынша, жеребеге 53 команда түсті. Германия Еуро-2024 қожайыны болғандықтан, бірден финалға жіберіліп іріктеу жеребесінен тыс қалды. Қазақстан құрамасы Н тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегіше: А тобы: Испания, Шотландия, Норвегия, Грузия, Кипр. B тобы: Нидерланд, Франция, Ирландия, Грекия, Гибралтар. C тобы: Италия, Англия, Украина, Солтүстік Македония, Мальта. D тобы: Хорватия, Уэльс, Армения, Түркия, Латвия. E тобы: Польша, Чехия, Албания, Фарер аралдары, Молдова. F тобы: Бельгия, Австрия, Швеция, Әзербайжан, Эстония. G тобы: Венгрия, Сербия, Черногория, Болгария, Литва. H тобы: Дания, Финляндия, Словения, Қазақстан, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино I тобы: Швейцария, Израиль, Румыния, Косово, Беларусь, Андорра. J тобы: Португалия, Босния және Герцоговина, Исландия, Люксембург, Словакия, Лихтенштейн.