Елдос Сметов Ташкенттегі әлем чемпионатында ауыр жарақатпен күрескенін айтты
Елдос Сметов Ташкенттегі әлем чемпионатында ауыр жарақатпен күрескенін айтты
839
оқылды
Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Ташкенттегі әлем чемпионатында ауыр жарақатпен күрескенін айтты. Алайда, аты аңызға айналған дзюдошы жеңіске жету үшін бар күшін салған, деп хабарлайды Bassport.kz. 
"Бұл менің мансабымдағы ең ауыр медальдардың бірі. Өйткені, жарақатым толық жазылған жоқ. Сонда да, әлемдік сында ел намысын абыроймен қорғауды мақсат еттім. Осы медальға үлес қосқан барлық ағайларыма рахмет айтамын. Әсіресе, жеке бапкерім Ғалымжан Жылгелдиевтің еңбегін айтып жеткізе алмаймын. Ол кісі 12 жыл бойы менің бүкіл жетістігімнің бастауында тұр. Ал осы Ташкенттегі медаль толығымен бапкерімнің жүлдесі десем, артық емес. Өйткені, әлем чемпионатына барғанға дейін менің жарақатымды емдеп, қалай күресу керектігін айтып, жанұшырып жүгірген болатын. Елім үшін барымды салдым. Иығымды осы жаққа тастап кетсем де, күресі керек болды. Қалың ел қарап отыр. Медаль үшін белдесерде бас бапкеріміз бар ақылын айтты. Барша қазақтың үмітін ақтап, залдағы жанкүйерлердің абыройын көтеру керек еді. Намысқа тырысып, Қазақстан үшін қола медаль жеңіп алдым. Енді бұл қоланы басқа командаластарым алтын мен күміске жалғастырса екен деймін. Жарыс біткенше әрбір спортшымыздың қасында болып, қолымнан келгенше көмектесем, жігер беремін", – деді Елдос. Айта кетелік,
Елдос Сметов Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионы. Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жеңімпазы.