Балаларын жетектеген екі әйел қымбат дүкендерді тонаған
Балаларын жетектеген екі әйел қымбат дүкендерді тонаған
polisia.kz
162
оқылды
Алматы облысында балаларын жетектеген апалы-сіңлілі екі әйел қымбат бутиктер мен дүкендерді тонаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Балқаш қаласынан Алматы облысына “қылмыстық гастролге” келген екі әйел бутиктер мен дүкендерде бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. «Тергеу барысында күдіктілердің Балқаш қаласынан келгені, қолдарына жас балалар ұстаған екі әйелдің апалы-сіңлілі туыс екені анықталды. Оларға бір күн ішінде тауар-материалдық құндылықтарды ұрлаудың бес дерегін жасады деген айып тағылды»,- деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 9 ақпанда Қарасай ауданының сауда ойын-сауық кешендерінің бірінде ұрлық жасады деген күдікпен 30 және 33 жастағы екі әйел ұсталды. Күдікке ілінген әйелдердің 1 жастан асқан және 7 жастағы бүлдіршіндері бар. Жеке басын тексеру кезінде туыстардан әйелдер мен балалардың ұрланған жаңа киімдері табылып, олардың кешен аумағындағы дүкендердің бірінен жымқырылғаны анықталды. Сонымен қатар, бейнебақылау жазбаларының көмегімен бұлтартпас айғақтар арқасында күдіктілер бұдан өзге тағы төрт бутик және дүкенде орын алған ұрлықтарын мойындады. Үптеп кеткен заттарын қайда жасырғанын көрсеткен. «Олар бір күн ішінде жалпы сомасы 350 000 теңгеден асатын соманың тауарларын ұрлаған. Онывң ішінде майка, футболка, пальто, джинсы, легинсы және өзге де киімдер бар. Ұрланған мүлік қажетті тергеу әрекеттерінен соң заңды иелеріне қайтарылды. Өзгенің мүлкін ұрлаудың бес дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп толықтырды ведомство өкілдері. Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің қылмыстық тәжірибесі бар. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы бутиктерден заттарды ұрлағаны үшін жауапқа тартылып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс сотқа жетпей, қысқартылған. Күдіктілердің кәмілетке толмаған жас балаларының бар екені ескеріліп, олар мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=19&v=Urx686j_aVQ&feature=emb_logo