Шөп тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдікті бейнекамераға түсіп қалған
Шөп тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдікті бейнекамераға түсіп қалған
Фото: видеодан скриншот
657
оқылды

Түркістан облысында полицейлер бейнекамераның көмегімен шөп өртеген күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің дерегінше, оқиға 8 қазан күні сағат 21.50 шамасында болған.  Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне ауылда шөп тиелген ГАЗ-53 жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобының қызметкерлері лезде жетті. Полицейлер белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 шөп орамы бар жүк көлігін өртеп жібергенін анықтады. Жәбірленушіге жалпы көлемі шамамен 6 миллион теңгеге жуық шығын келген.   Бейнебақылау камераларын тексеріп, шөпті өртеп жіберген күдіктіні тапты. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған. Күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғыны ұсталды. Ер адам мас күйінде көліктегі шөпті өртеп жіберген. Қазір  аталған факті ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.