Күн қайта жылына ма?
Күн қайта жылына ма?
Фото: twitter.com
2,789
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы екі-үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Еуропалық антициклон әсерінен Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы жоғарылайды. Батыста Қара теңіз аудандарынан келген циклон әсерінен күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігі мен орталығында термометр бағаны күндіз 15 градус, шығыста 13-18 градусқа дейін және оңтүстікте 20-25 градусқа дейін жоғарылайды. Батыста ауа температурасы 10-18 градус болады.