«Ұлы дала» байқауына шығармаларды қабылдау уақытын ұзартты
«Ұлы дала» байқауына шығармаларды қабылдау уақытын ұзартты
Фото: ortcom.kz
488
оқылды
«Ұлы дала» байқауына шығармалар қабылдау уақыты ұзартылды. «AMANAT» партиясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 26 қыркүйекте «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын бастады.   Байқау шарты бойынша өтінімдер мен шығармалар 10 қазанға дейін қабылданып, іс-шараны 19 қазанда қорытындылау жоспарланған. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабы 9-тармағына сәйкес, сайлауалды кезеңде сайлаушыларға бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйлықақы беруге және қайырымдылыққа бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. Осыған орай өтінімдер мен шығармалар 10 қарашаға дейін қабылданады және байқаудың нәтижесі қарашаның соңында салтанатты іс-шарада жарияланады.