Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті – видео

Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті – видео

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағында анасы мен қызын көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, бүгін сағат 9.35 шамасында Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды.   Факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.