Ұлттық қауіпсіздік комитеті Владимир Путинді өз президентім деп атаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын тексеріп жатыр, – деп хабарлады ҚазТаг. Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне жіберілді", – делінген облыстық Полиция департаменті ұсынған ақпаратта. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петропавлда тұратын 18-ге толмаған екі қыздың видеосы тараған.
Олар Петропавлды ежелден орыстың жері екенін айтады. Сондай-ақ қыздардан сайлауда кімге дауыс беретінін сұрағанда, олар Тоқаев үшін емес, Путин үшін дауыс беретінін жеткізген.
Сондай-ақ қыздардың бейнежазбада айтқан сөзіне қарағанла, олардың достары – қазақстандықтар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр.