Украина Ресейдің 41 зымыранын атып түсірді
Украина Ресейдің 41 зымыранын атып түсірді
Фото: REUTERS
399
оқылды
Украинаның әуе қорғанысы Ресейден атылған зымырандардың жартысынан көбін атып түсірді. Бұл туралы Украинаның Бас қолбасшысы Валерий Залужный мәлімдеді,–  деп хабарлайды dw.com.
«Ресей Украинаға 75 зымыран атқан. Әуе қорғанысы күштері олардың 41-ін құлата алды», – деді генерал Залужный.
Ал Украинаның Кривой Рог қаласының мэрі Астраханнан тағы да зымыран соққысы болады деп отыр.
«Астраханнан Украинаға 47 зымыран ұшады. Ұшудың болжамды уақыты – 11.00, тіпті одан ертерек болуы мүмкін»,–  деді Кривой Рог қаласының мэрі Александр Вилкул.
Айта кету керек, Қазақстан уақыт жағынан Украинадан 3 сағат алда. Қазірше Астраханнан жасалған шабуылдар туралы мәлімет жоқ.