Ресей мен Беларусь бірлескен аймақтық әскер құруға келісті

Ресей мен Беларусь бірлескен аймақтық әскер құруға келісті

Ресей мен Беларусь бірлескен аймақтық күштер тобын құру туралы келісім жасасты, - деп хабарлайды БелТа басылымы.

"Одақтың батыс шекарасындағы шиеленіске байланысты біз Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аймақтық тобын орналастыруға келістік. Оның барлығы біздің құжаттарымыз бойынша жүзеге асады. Қауіптің деңгейі қазіргі деңгейдегідей болса, біз одақтық топтастыруды пайдалана бастаймыз. Бұл топтың негізі (мен бұл туралы әрқашан айтып келемін) Беларусь Республикасының әскері мен қарулы күштері", – деді Лукашенко дүйсенбі күні өткен жиында.
Оның айтуынша, "топты құру жұмыстары басталып кеткен".
"Екі күннен бері жүргізіліп жатыр. Осы топты құруды жалғастыру туралы бұйрықты мен бердім", – деп қосты Беларусь президенті.