Стамбұлға емделуге барған қазақстандық қамауға алынды

гемодиализ
фото:elements.envato.com

Түркияға емделуге барған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады. Әйел мен оның күйеуі Стамбұлда ұсталған.

"Біздің дипломаттардан түскен ақпарат бойынша, түрік құқық қорғау органдары біздің азаматымызды ұстаған. Ол Түркияға орган алмастыру үшін келген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жалған құжаттар жасаған деп айыпталып отыр. Яғни, ол донор ретінде туысын көрсеткен, алайда донор басқа елдің азаматы болып шыққан. Сондықтан қазір ол қамауға алынды", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, Қазақстан елшілігі істі ерекше бақылауға алған.

"Адвокат таптық, туыстарымен үнемі байланыстамыз. Қазір денсаулығына байланысты қазақстандықты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға өтініш жібердік", - деді Смадияров.

Әлеуметтік желіде қазақстандықтың әріптестері оның Алматыда белгілі тіс дәрігері екенін жазған. Олардың мәліметінше, әйел "бүйрек жеткіліксіздігі" диагнозымен бірінші топтағы мүгедек, алты жыл бойы гемодиализбен жүреді. Түркияға тексеріліп, бүйрегін ауыстыру мүмкіндігі туралы ақпарат алуға келген.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.