Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды
Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің парақшасында мәлімделді.

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және бомбадан қорғану бункерлерінде болуға шақырады,- делінген хабарламада.