АТР 500: Джокович жеңіске жетті
АТР 500: Джокович жеңіске жетті
259
оқылды
Үлкен теннистен Астанада өткен АТР 500 турнирінде Новак Джокович топ жарды. Жарыс жеңімпазына рейтинг ұпай, шамамен 168 миллион теңге сыйақы берілді. Әлемнің жетінші ракеткасы финал­да грек теннисшісі Сте­фанос Циципаспен кездесті. Бір сағат 15 ми­нутқа жалғасқан екі сәтте Джо­ко­вич (6:3; 6:4) басым түсті. Осы­лайша, сербиялық теннисші та­рих­та 90 титулға ие болды. Жалпы, Джокович биыл бір маусымда төрт турнирде топ жарды. Ол АТР 250, АТР 500, АТР 1000 және Үлкен дулығаны ен­ші­леді. Әрі 2022 жыл­дың қорытынды финалдық тур­ниріне жолдама алды. Турнир барысында Новак Джо­ко­вич тоғыз жасар жас тен­нис­ші Абылайға жейдесін сыйла­ды. Фи­нал­дық матч аяқталған сәтте тур­нир бойы аудармашы қызметін атқарған Ерік Ільясовқа ракетка­сын тарту етті. Қызығы, финалда өнер көр­сет­кен Стефанос Циципас АТР 500 додасында тоғыз мәрте ақтық сын­ға шыққанымен, жеңіске жетпеген. Ал Джокович аталған турнирде екі жылдан соң қайта оза шапты.

Айбике ЖАНАСЫЛ