Өнерде жоқ шекара
Өнерде жоқ шекара
Абай облысынан табылған жәдігер Сурет Академия­сының 15 жылдығына арнал­ған ауқымды көрменің көркін ашты. Алматыда өткен көрмеге Тал­ды­қорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Алматы облысы мен қаласы шеберлерінің 80-ге тарта жұмысы қойылған. Академияның тәжі­рибелі шеберлерінің жұмыстары­мен бірге көрмеде жас авторлардың да туындылары бар. Көрме көне заман мен қазіргі күннің байланысын білдіреді. Со­ның жарқын үлгісі болған жәдігер­дің бірі – Абай облысынан табыл­ған «Үржар ханшайымы». Еліміздің шығысында отандық ғылымда сенсациялық жаңалыққа баланған Сақ ханшайымы жерлен­ген қорған Үржар ауданынан та­был­ған болатын. Құнды жәдігерді танымал археолог Темір Смағұлов бастаған экспедиция мүшелері Таскескен – Бақты жолындағы қорғаннан тапты. Ханшайымның киімі мен сәукелесін тарихшы, суретші-реставратор Қ. Алтын­беков қалпына келтірген.