Бір айда тұрғын үйді сату-сатып алу көбейді
Бір айда тұрғын үйді сату-сатып алу көбейді
Фото: kuban24.tv
Қазақстанда баспана бағасы қымбаттағанына қарамастан, тұрғын үйді сатып алушылар саны да өсіп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Биыл қыркүйекте тұрғын үй сату-сатып алу 1,6%-ке артты. Ұлттық статистика бюросынан мәліметінше, биыл қыркүйекте тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 36 241 мәміле жасалды. Оның ішінде, жеке үйлер – 8 905, көппәтерлі үйлер – 27 336. Тамыз айымен салыстырғанда (35 686) баспананы сату-сатып алу 1,6%-ке артты. Мәміле саны бойынша әлі де Астана (6 347) мен Алматы (6 342) қалалары көш басында тұр. Жылжымайтын нарықтағы ең аз 372 келісімшарт Ұлытау облысында жасалған. Қазақстандықтар көбінесе көпқабатты үйдегі пәтерге қызығады. Қыркүйек айында олар бойынша барлығы 27 336 мәміле жасалды, бұл жалпы көрсеткіштің – 75,4%. ​ Бөлмелер санына келсек, екі ай бойы 1 бөлмелі пәтерлер көп сатылған. Қыркүйек айында бір бөлмелі 10 163 пәтер ресімделді. Олар бойынша сауданың 55,4% Астана және Алматы қалаларына тиесілі. Екі бөлмелі пәтер бойынша 10 083 мәміле жасалды. 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда жеке үйлерді сату көрсеткіші төмендеген. Төмендеу динамикасы Қызылорда (-26,7%), Алматы ( -12,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында(-11,3%) байқалды. Жеке үйлер саудасының өсімі керісінше, Шымкент қаласында (+11,6%), Ақтөбе (+9,8%), Шығыс қазақстан (+9,6%), Жамбыл (+7,9%) және Павлодар облыстарында (+8,5%) тіркелді.