Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды

Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды

Қазақстанда 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды. Салтанат Тұрсынбекова жылдар бойы, әсіресе, әйелдер мен балалардың құқығын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте белсенділік танытты. Ол – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды. Бұған дейін Кәсіпқой әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсы Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбденді ұсынған еді.