Заманауи білім беру жүйесін цифрландыру мәселесі талқыланды
Заманауи білім беру жүйесін цифрландыру мәселесі талқыланды
302
оқылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150-жылдығын мерекелеу аясында "Әл-Фараби педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясындағы білім беру жүйесін цифрландыру" атты 50-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Секциялық отырыстарда, мастер-класстарда, дөңгелек үстелдерде заманауи жоғарғы оқу орын бітірушінің болашағы мен құзыреттілік үлгілері, жоғарғы оқу орын оқытушысының білім беру сапасы, оқыту және аттестаттау жүйесі бойынша пікірталас қызу жүргізілді. Сондай-ақ, спикерлер мен қатысушылар ЖОО оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетін ынталандыруды, білім беру үдерісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды, орта және жоғары білім беруде кадрлар даярлаудағы жаңа нысандарды талқылады. ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының басқарма төрағасы, э.ғ. д., профессор Әли Әбішев өз баяндамасында оқытушылар жарқын болашақты қамтамасыз ететін дағдыларды сақтай алатынын және дамыта алатынын, заманауи сандық технологиялар мен тиімді өзара іс-қимыл жасауды үйренетінін атап өтті. Бұл ретте педагогтарға қойылатын негізгі талаптар кәсіпқойлық, технологиялық және әлеуметтік тәжірибе болып қалады. Конференцияға қатысушыларды білім саласындағы ақпараттық технологиялардың әлемдік жаңалықтарымен таныстыра отырып, Robot Kit атты жасанды интеллект нәтижесін көрсетті. Адамға жасанды интеллектті оқытудың өзіндік алгоритмін қалай жасауға болатынын түсіндіруге мүмкіндік беретін ерекше әдіс презентациясының соңында Ә. Әбішев педагог қағазбастылығын азайтып, оған шығармашылық кеңістіктегі жаңа құралдар бере алатын қосымшаларды ұсынды. Өз кезегінде Томск мемлекеттік университетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығының директоры  Светлана Велединская сандық оқыту әдістемесін пайдалану керектігін атап өтті. Сандық оқыту педагогтан оқу процесін түбегейлі қайта құруды талап етеді. Білім беру экожүйесін қайта құруды ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов  ұсынды. Мектеп оқушысы оқуды жалғастыру үшін қажетті базалық қабілеттер мен дағдыларды дамытуы тиіс. Осыған байланысты мектеп пен ЖОО білім беру жүйесі даму мақсатына қол жеткізу үшін жобалардың жаңа форматтарын табуы тиіс. Әл-Фараби айтқандай: "Білім беру-адамның моральдық-адамгершілік және интеллектуалдық қасиеттерін дамыту және оның мақсатын іске асыру арқылы бақытқа жету". Шараның соңында қазіргі тез өзгеретін, тұрақсыз заманда білім беру процесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданды.