Дмитрий Медведевке іздеу жарияланды
Дмитрий Медведевке іздеу жарияланды
© GETTY IMAGES
1,637
оқылды
Ресейлік БАҚ Украина қауіпсіздік қызметі Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевке іздеу жариялағанын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат республика Ішкі істер министрлігінің деректер базасында да жарияланды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Басылым мәліметінше, Медведевті Украина ҚК-нің 110-бабы  2-бөлігі бойынша "Украинаның аумақтық тұтастығына қолсұғылмаушылықты билік өкілі жасаған" деген айыптауға байланысты Украинаның құқық қорғау органдары іздеп жатыр. Осы бап бойынша ең жоғары жаза - он жылға дейін бас бостандығынан айыру.