Премьер-Министр кімдердің жалақысы 2 есе өсетінін айтты
Премьер-Министр кімдердің жалақысы 2 есе өсетінін айтты
© stan.kz
Премьер-Министр Әлихан Смайылов 4 жыл ішінде азаматтық қызметшілердің жалақысы 2 есе өсетінін мәлімдеді.  Айтуынша, Президенттің Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауына сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшері 60 мыңнан 70 мыңға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 1,8 миллион жалдамалы жұмысшының еңбек табысын арттырады. «Азаматтық жұмысшылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 2020 жылдан бастап педагогтердің еңбекақысын, 2021 жылдан бастап медицина, әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлерінің, биылдан бастап басқа да санаттағы қызметкерлердің жалақысын арттыру қолға алынды. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есе өседі»,  – деді  Премьер депутаттық сауалға берген жауабында.