Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайынан күтіп алды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Сапар аясында ертең жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ 13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.