Ақтөбе облысында әйелі мен қызын пышақтап тастаған мектеп директорына қатысты тың мәлімет жарияланды
Ақтөбе облысында әйелі мен қызын пышақтап тастаған мектеп директорына қатысты тың мәлімет жарияланды
1,015
оқылды
Ақтөбе облысында өз отбасын пышақтап тастаған мектеп директорына қатысты тың мәлімет пайда болды. Күдіктінің қан-жоса болған әйелі - жүкті. Ол да күйеуі басқарған мектепте мұғалім, – деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Жаңақоныс ауылында отбасында болған жанжал жантүршігерлік жағдайға ұласқан. Ауыл мектебінің директоры әйелі мен 8 жастағы өгей қызын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Абырой болғанда екеуі де аман. 37 жастағы күдікті қамауға алынған. Қылмыстық істі облыс прокуроры өз бақылауына алды.
"Кінәлі адамға қатысты полиция органымен 24-бабы 2-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Яғни, жүкті әйелді және кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу дерегі бойынша. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды", – дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары Темір Бекетов.