Қарағанды облысында ер адам әйелін биіктен лақтырып жіберген
Қарағанды облысында ер адам әйелін биіктен лақтырып жіберген
675
оқылды
Қарағанды облысында әйел адамды балконнан лақтырып жіберген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінен 48 жастағы азаматшаның дене жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түсті.
«Жедел-тергеу тобының қызметкерлері жәбірленушіден дене жарақаттарын қандай жағдайда алғанын анықтау үшін жауап алды. Белгілі болғандай, ол оқиға болған күні өзінің 39 жастағы танысының үйінде болған. Отырыс барысында екеуара сөзге келіспеушілік болған. Арада шыққан дау-жанжал барысында 39 жастағы азамат жәбірленушіні үшінші қабаттан балконнан жерге лақтырып жібергені анықталды», – деп көрсетті Қарағанды облыстық Полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол қызуқандылықпен осындай қадамға барғанын айтты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.