Елордалық «Барыс» «Куньлунь Ред Стар» командасынан ірі есеппен жеңілді
Елордалық «Барыс» «Куньлунь Ред Стар» командасынан ірі есеппен жеңілді
183
оқылды
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) клубына қарсы өткізді. Ойын барысында қытайлық команда жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Джек Родевальд 9, Брэндон Ип 13, Кори Кейн 15-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңде «Куньлунь Ред Стар» басымдықты арттыра түсті. Ойынның 29-минутында Зак Лесли есепті үстемелесе. 39-минутта Винсент Ловерде көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді.