Қостанайдан Ақмолаға 46 бас жылқыны айдап кеткен күдіктілер ұсталды
Қостанайдан Ақмолаға 46 бас жылқыны айдап кеткен күдіктілер ұсталды
256
оқылды
Қостанай облысында 46 бас жылқыны айдап кетті деген күдікпен Ақмола облысының екі тумасы ұсталды. Қостанай облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 4 қазанда полицияға 34 жастағы жергілікті тұрғын 46 бас жылқысы жоғалып кеткенін хабарлаған. Шығын көлемі 23 млн теңге деп бағаланды. Ведомство өкілдерінің хабаралуынша, қылмысты ашу үшін полиция басқармасында екі жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел жұмыс нәтижесінде Арқалық полицейлері екі күн ішінде 46 және 47 жастағы екі күдіктіні – Ақмола облысының тұрғындарын анықтады. Жолда жылқы ұрлаушылар ұрланған малды қораға айдап, онда табын жетекшісінен трекетті алып тастайды. Ақмола облысында күдіктілер келесі күні малды жергілікті тұрғындарға сатып үлгерген.
"Бұл факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы "Мал ұрлығы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қамысты ауданында да полицейлер қысқа мерзімде жоғалып кеткен ағылшын-қарашай тұқымының жылқысын тауып, иесіне қайтарды", – дейді ІІМ баспасөз қызметі