Қызылордада шенеуніктер қаржы жымқырған
Қызылордада шенеуніктер қаржы жымқырған
Инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, жымқыру дерегі бойынша Қызылорда облысының Ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агент­тігінің мәліметінше, мемле­кеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқан­дай жұмыс атқарылмай, жабдық­тар қойыл­май, жұмыстың толық орындал­ғаны туралы жалған құжат әзірле­ген. Ақпаратты Qoldau.kz жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды түрде қол қойған. Осылайша, 25 миллион теңгеге жуық мемлекет қаражатын жым­қырған. Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісімшарт сомасының 10 пайызы көлеміндегі сыйақы үшін жалған құжат әзірлеген.
«Сот шешімі бойынша Об­лыс­тық ауыл шаруашылық бас­қармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда мате­риал­дық немесе қаржы аудары­мына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бос­тан­дығын шектеу жазасын алды», – делінген хабар­ламада.