Бірлесіп жұмыс атқарады
Бірлесіп жұмыс атқарады
5,175
оқылды
  Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалында партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны партияның облыстық филиалы мен Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Жиында Nur Otan партия­сы­ның Түркістан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Бейсенбай Тәжібаев ау­ған соғысы ардагерлерінің жас ұрпақты отан­шылдыққа шақыруға қосар үлесі мол еке­нін жеткізді. Сон­дай-ақ партия отаншыл, елді бір­лікке шақыратын, игі іске жұмыл­дыратын аға буын өкілдерін қол­дауға дайын екенін мәлімдеді. Отырыс барысында Түркістан облыстық Ауған соғысы арда­гер­лері мен мүгедектері кеңесі қо­ғамдық бірлестігінің кеңесшісі Бекайдар Көшербаев пен ауған соғысының ардагері, Nur Otan партиясының Түркістан об­лыс­тық филиалының консультанты Қазыбек Тәжиев баяндама жа­сады. Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мү­гедектері кеңесі қоғамдық бір­лес­тігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов те қоғамды дамыту жө­нін­­де бірқатар тұщымды ұсы­ны­сын айтты. Күн тәртібіне сәй­­кес ардагерлердің өзекті мәсе­ле­лері мен ұрпақ тәрбиесі талқыға түс­ті. Ел аза­маттары да сөз алып, өзек­ті мә­селелерге қатысты пі­кірін ашық білдірді. Дөңгелек үстел аяқталар тұста Nur Otan партиясының Түр­кістан облыстық филиалы мен Түркістан облыстық Ау­ған со­ғысы ардагерлері мен мүге­­дек­тері кеңесі қоғамдық бір­лес­­­тігі арасында өзара іс-қи­мыл­­­ды ұйым­­дастыру туралы Ме­­­моран­думға қол қойыл­ды. Енді пар­­тия филиалы мен ау­ған со­­ғы­­­сы­ның ардагерлері иде­о­ло­гия­­лық-патриоттық бағыт­тағы іс-шараларды бірлесіп атқарады. Мағыналы кездесуде бір топ Ауған соғысының арда­ге­рі­не пар­тия филиалының алғыс­хаты табыс етілді.   Әбілмансұр ЖАСАН