Украинада жүрген Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз – СІМ
Украинада жүрген Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз – СІМ
Фото: kazlenta.kz
Украинадағы ахуал ушықты. Сондықтан Украинадағы Қазақстан азаматтарына бұған дейін Сыртқы істер министрлігі үндеу жолдады. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, Украинада сапармен жүрген азаматтар сақ болуы тиіс. Елшілік ғимаратына зақым келмеген.
«Біздің елшіліктің жұмысы, қызметкерлердің қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі. Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғау басты назарда. Сондай-ақ дипломаттардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып отырмыз», – деді Роман Василенко.
Күні кеше Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинада жүрген Қазақстан азаматтарының саны нақтыланып жатқанын айтты.