Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті, - деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуы АӨСШК үдерісінің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АСЕАН-дағы маңызды серіктесі – достас Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны айтылды.