Ақсу өзенінен табылған үндістандық студенттің мәйіті емес боп шықты – ТЖМ
Ақсу өзенінен табылған үндістандық студенттің мәйіті емес боп шықты – ТЖМ
Фото: Түркістан облысы ТЖД
Ақсу өзенінен табылған мәйіт үндістандық студенттің мәйіті емес болып шықты. Медицина сараптамасының қорытындысы іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылған мәйіт Үндістан азаматы емес екендігін анықтады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сараптаманың қорытындысы нәтижесінде мүрденің қыз бала екендігі анықталды. Табылған мүрденің кім екенін анықтау үшін мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Айта кетейік, 10 қазан күні сағат 13:15-те үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір адамның мәйітін тапқан болатын. Түркістан облысы ТЖД Үндістан елінің азаматтарынан басқа жоғалған азаматтар жайлы хабарлама келіп түспеген. Іздеу жұмыстарына 12 құтқарушы мен 2 қайық жұмылдырылған.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары 3 ай бойы жүргізілді. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты, өзеннің қатты ағысы іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтірді. Сонымен қатар, құтқарушыларға таулар тік болғандықтан өзен жағасына түсу қиын болды. Өзеннің тереңдігі 14 метрге жетеді, ал сүңгуірлер 11 метр тереңдікке сүңгіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметте.