Доллар бағамы 2,66 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 2,66 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,66 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 477, 89 теңге. Ұлттық банктің 12 қазандағы ресми бағамы: 1 долларға – 474, 95 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 475,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 479,5 теңге. Ресей рублі 6,9 – 7,25 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 12 қазан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,44 теңге.