Жетісу облысында алты жасар бала аттан құлап көз жұмды
Жетісу облысында алты жасар бала аттан құлап көз жұмды
© azattyq-ruhy.kz
Жетісу облысында алты жасар бала аттан құлап мерт болды. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, бала бір күн бұрын әкесімен бірге қыстаққа барған. Сол жерде ол атқа отырып көргісі келген. Бірақ асау ат бағынбай шаба жөнелген. Аттан құлаған баланың аяғы жылқының үзеңгісіне қысылып қалған.
«Қайғылы жағдай Жерұйық кентінде болып, бала Жаркент қаласының ауруханасына ауыр жарақатпен жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ол бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды. Ата-аналарға балаларыңызға  жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Олардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды алдын-ала ескермесеңіздер, арты осындай қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін», – делінген Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.