Төлеби ауданында Елтаңбасы бар жәшікті дәретханаға қойған мектеп басшылығы жауапқа тартылды

Төлеби ауданында Елтаңбасы бар жәшікті дәретханаға қойған мектеп басшылығы жауапқа тартылды

Ақпарат әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды, – деп хабарлады polisia.kz. Төлеби ауданының тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру амалдарын жүргізіп, оқиғаның мектепте болғанын анықтады. "Нәтижесінде аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу" бойынша хаттама толтырылды", – делінген хабарламада. Сонымен қатар әйелге Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы және заң аясында қорғалатыны қатаң ескертілді.