Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет». Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с жел соғады. Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.